ТЖ басқармасы ескертеді! «Назар аудар! Су тасқыны!»

ТЖ басқармасы ескертеді! «Назар аудар! Су тасқыны!»

Семей қ. ТЖ басқармасының қызметкерлері «Нұр Отан» еріктілерімен бірлесіп, су  тасқыны кезеңінің қарсаңында еріген қар суы басуы ықтимал тұрғын үйлерді аралап тексеру жүргізілді, атап айтқанда, Степной кенті  (Машиностроительная к-сі), Мұқыр а. 75 тұрғын үйдің тұрғындарына «Назар аудар! Су тасқыны!», «Су тасқыны» атты тақырыптарына үгіт-насихат материалдарын таратып, 285 адам қамтылды. Сонымен қатар, жақын орналасқан көшіру пунктері нің орналасуы туралы ақпарат халыққа жеткізілді

. 

Су тасқыны қаупі туындаған жағдайда:

 

         Су тасқыны кезіндегі іс-әрекет:

- сабырлық сақтаңыз, көршілерге хабарлау, мүгедектерге, балалар мен қарттарға көмек көрсету;

- газ бен электр қуатын ажыратыңыз, пештегі отты өшіріңіз;

- Эвакуацияға дайын болыңыз! Эвакуация туралы белгі берілген кезде тез арада қауіпті орыннан жақын жердегіқауіпсіз ауданға немесе биік жерге барыңыз. Эвакуациянын соңғы орнында тіркелу қажет;

- көмек келгенше немесе су денгейі төмендегенше – ғимараттың жоғары қабаттарында немесе шатырда, ағашта, өзге де биік жерде болыңыз;

- егер де қауіп болмаса су басқан аумақтан өздігіңізден шықпаңыз;

- су басқан жолда машинамен және жаяу жүрмеңіз, су ағызып кетуі мүмкін;

- егер де көмек қажет болса, Сізді тез табу үшін құтқарушыларға хабар беріңіз. Құтқару дабылын беріңіздер.

        

         Су тасқынынан кейінгі іс-әрекет:

- ғимаратқа абайлап кіріңіз, конструкцияныңбүлінбегеніне көз жеткізіңіз;

- от жағып және электрді қоспаңыз – газ болуы мүмкін;

- терезелер мен есіктерді ашып үйді кептіріңіз, қоқыстан тазаланыз;

- су астында қалған азық-түлікті пайдаланбаңыз, қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз.

Су тасқыны кезінде орнаған жағдай туралы ақпаратты және іс-әрекет тәртібі туралы мәліметті міндетті тыңдау!

құтқару қызметінің телефондары  – 112, 101

 

         Сонымен қатар, табиғи және техногенді төтенше жағдайлар бойынша ескерту, алдын алу шаралар туралы халықты шұғыл ескерту мақсатында, ҚР ІІМ ТЖК «Darmen» ұялы қосымшасы әзірленіп жұмыс істейді.

ШҚО ТЖД Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы