
ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының сүңгуірлері баланы құтқару бойынша арнайы операция жүргізді.
Оқу-жаттығудың мәні бойынша өзен жағасында бала мұз бетінде жалғыз ойнап жүрген кезде мұз ойылып кетіп, жағадан ағыс алып кетеді. Оқиға туралы 112-нөміріне куәгерлер хабар береді. Оқиға орнына ШҚШ ТЖД ЖҚЖ құтқарушылар жедел келіп жетеді. Қайыққа мінген құтқарушылар ағып бара жатқан мұзға жетіп, үстіндегі баланы түсіріп алады. Осылайша баланы жағаға жеткізеді.
Тұрғындарға осындай түрдегі тәсілдер құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайлы қараудың соңы немен ұласатындығын іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді. Жаттығу шеңберінде ШҚО ТЖД мамандары қыс кезінже суға құласа не істеу керектігі бойынша амал-тәсілдерді көрсетті.
«Ата-аналар балаларының қалай уақыт өткізетіні туралы ойлануы тиіс. Балалардың әр нәрсеге қызығушылығы қауіп сезімін сейілтеді, олар жартаста ойнайды, кейде судағы мұздарда ойнап жүреді. Осындай қаперсіздік кейде трагедияға ұласып жатады» - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
ШҚО ТЖД мыналарды ескертеді:
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 112-нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты