«Қауіпті газ» акциясы

«Қауіпті газ» акциясы

Статистика бойынша жыл сайын жылыту маусымында өрттердің қаупі мен улы иісті газбен улану жағдайлары артып кетеді. Мәселен, 2021 жылдың басынан бері ШҚО-да 210 өрт, оның 88-і пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу себепті болды. Ағымдағы жылдың басынан бері иісті газдан 5 адам қаза болды, оның 1-уі бала, 30 тұрғын зардап шекті, 14-і бала.

         Жазатайым оқиғалардың алдын алуды тұрақтандыру үшін ШҚО ТЖД, Шемонаиха ауданы ТЖБ құтқарушылары мен «Jas Otan» ЖҚ волонтерлары және «ҚР Қызыл жарты ай» ШҚ филиалының мамандары «Қауіпті газ» акциясын ұйымдастырды. Шемонаиха қаласында өткен жәрмеңкеде санитарлық нормаларды сақтай отырып  жергілікті тұрғындар арасында викторина өткізді. Викторинада мынадай сұрақтар қойылды: Улы газ несімен қауіпті? Зардап шегушіге қалай көмек көрсету керек? Улы газ үйге қалай кіреді? Пеш  қауіпсіз болуы үшін қалай және немен жағу керек? Жарамсыз пешті пайдаланып, өрт қауіпсіздігінің ережелерін орындамау несімен қауіпті?

         Сауалдарға дұрыс жауап бергендер құтқарушылардан сыйлықтар алды, ал ең бастысы өрт қауіпсіздігінің мәселелерінде бірқатар мәселелермен таныс болды. Ережені іс жүзінде бекіту үшін құтқарушылар мен «ҚР Қызыл жарты ай» қоғамының волонтерлары иіс тиген адамға көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді. Арнайы манекенде тұрғындарға өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келгенге дейінгі көрсетілетін көмекті пысықтау ұсынылды. Тұрғындар алға қойылған міндеттерді орындады, пайдалы ақпараттар алды. Барлық тұрғындарға үгіттеу-насихаттау парақтары таратылды, онда жылыту маусымы кезіндегі ұсыныстар толық жазылған.

         Осындай пешпен жылытуды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикаға деген креативті және тұрғындарды  ынталандыруды ШҚО ТЖД мамандары иіс тиіс уланумен байланысты жағдайларды барынша төмендету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, пешті пайдаланудағы жауапкершілікті арттыру үшін жүргізеді.

         ШҚО ТЖД тұрғындарға қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:

  • Түтін мұржаларын уақтылы тазалау;
  • Пештің мұржасын жаппау және сызаттары мен жарықтарын бітеу, уақыты жойылған қауіп сізді және мүлкіңізді сақтайды;
  • От жағу ұйқыға кетер алдында 2 сағат бұрын тоқтатылуы тиіс.
  • Өрт шыққан кезде дереу 101, 112-ге қоңырау соғыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі