
Көшкін қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шараларының профилактикасы мақсатында және Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлері арнайы оқу-жаттығу өткізді. Риддер қаласындағы биік таулы курорттарға жақын маңда құтқару бригадалары шартты түрде көшкінге тап болған адамды шығарды. Жағдайды шынайы өмірге барынша жақынтаттық. Оқу-жаттығудың мазмұнына сәйкес көшкіннің астында қалған шана тебушіні ШҚО ТЖД ЖҚЖ кинологиялық есебі жарты сағатқа жетпейтін уақытта тауып алған. Одан кейін іздестіру тобы бір қатарға тұрып, қар астын арнайы сырықтармен тексере бастады. Зардап шегушіні тауып алысымен қалың қар астынан қазып алуға кірісті.
Осындай оқу-жатығулар өңірге қажет. Тау-шаңғысы базаларында демалушылар өте көп, әсіресе демалыс күндері, ал оған баратын жол бірнеше көшкін қауіпті учаскелер арқылы өтеді. Базалық қауіпсіздік ережелері және қардың құрбаны болмау үшін не істеу керектігін ШҚО ТЖД құтқарушылары таудағы шеберлік-сағатында көрсетті.
Көбінесе демалушылар қарды шанамен және қарда жүретін техникамен «қиып» өтеді, осылайша көшкіннің жүруіне ықпал етеді.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзу трагедияға әкеп соғады.
«Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының ақпаратына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарға абай болып және дауылдық ескерту туралы хабар алған кезде көшкіннің жүруі ықтималдығынан тауға шықпауға шақырады.
Көшкін қаупі туралы «Дармен» мобильді қосымшасын жүктеу отырып біле аласыз.
Төтенше жағдай кезінде дереу 112-ге қоңырау соғыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі