Онлайн режиміндегі «дөңгелек үстел»

Онлайн режиміндегі  «дөңгелек үстел»

Білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп, балабақша қабырғасында жүрген балалар қауіпсіз болуы тиіс. Сондықтан білім беру объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі – бұл бақылаушы органдар тарапынан үлкен назар аударуды талап ететін өте маңызды іс.

Семейқ.ТЖБ онлайн режимде  мектеп директорларымен, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілерімен  білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша «дөңгелек үстел»  өткізді.

Білім беру объектілері тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады. Объектіде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау ерекше бақылауда болуы тиіс. Қатысушыларға білім беру объектілерінде сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары туралы ақпарат жеткізілді.

Білім беру объектілерінде ең бастысы-балалардың өмірі. Өрт болған жағдайда мектептің, мектепке дейінгі мекеменің әрбір қызметкері Өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмін білуі тиіс. Балалардың өмірі мектептің әр қызметкеріне байланысты, сондықтан өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын қалай пайдалану керектігін мектептің әр қызметкері білуі керек.

Семей қ. ТЖБ