Өрт сөндірушілер 13 тұрғынды құтқарды

Өрт сөндірушілер 13 тұрғынды құтқарды

Бүгін 11сағат 34 минутта Өскемендегі Серікбаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына 5 мин ішінде өрт сөндірушілер келіп жетті, олар ең алдымен автосатының көмегімен түтін басқан жерден 4 адамды алып шықты, арнайы тыныс алу аппаратын киігізіп 9 адамды саты арқылы шығарды, оның 3-уі бала. Сонымен қатар 31 адам эвакуацияланды. Шығарылған және құтқарылған азаматтар құтқарушылар жұмыс істеп жатқан кезде «Вахта» жылы көлігінде күтіп отырды. Өрт сөндірушілер 20 шаршы метрдегі өртті сөндірді. Бөлмеде жеке заттар, жиһаз жанған екен. Өртті сөндіруге 6 бірлік техника, жеке құрамнан 20 адам қатысты. Өрттің себебі  - отпен абайсыз болу. Өрт орнынан орташа деңгейде түтінге улану белгілері бар 2009 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді.

         ШҚО ТЖД азаматтарға мынаны ескертеді: өрттерге жол бермеу және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау мақсатында мына талаптарды сақтау қажет:

  • Жарамсыз электр сымдарын пайдаланбау;
  • Пәтерде шылым шекпеу;
  • Электр құралдарын бір розеткаға қоспау;
  • Үйде өрт сөндіргіштің қажет екенін есте сақтаңыз;

Өрт кезіндегі іс-қимыл ережелері:

  • Өртті анықтаған немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтін, иіс, температураны артуы) дереу 101 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлау;
  • Объектінің мекенжайын, өрттің шығу себебі мен аты-жөніңді айту қажет.
  • Адамдардың өміріне қауіп төнген кезде оларды қолда бар күштер мен құралдардың көмегімен құтқаруды ұйымдастыру қажет;
  • Өрт сөндіру бөлімшесі келгенше өртті сөндіру үшін алғашқы құралдарды пайдалану (су, құм, қар, өрт сөндіргіш, дымқыл шүберектер);
  • Қауіп аймағынан қарттарды, балаларды, мүгедектер мен науқастарды шығару.

Өрт кезінде 101, 112-ге хабарласу қажет.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі