
Өскемендегі Жастар көшесіндегі көпқабатты үйдің 2-қабатында 4 жасар балажалғыз қалып қойған. Ата-анасы есікті аша алмаған соң құтқарушыларды шақырған. Өскемен қаласындағы 8-өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үш иінді сатымен пәтердің терезесінен кіріп, есікті ашты. Белгілі болғандай ата-аналары сыртқа шыққан кезде есік құлыпқа жабылып қалған.
ШҚО ТЖД құтқарушылары аналары мен әкелерге мұқият болып, балаларды жалғы қалдырмауды ескертеді. Ересектер үнемі тұрмыстағы, көшедегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру қажет. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-ана жауапты. Төтенше жағдайлар кезінде 112-ге қоңырау соғыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі