ШҚО құтқарушылары жағада қалып қойған балаларға көмектесті

ШҚО құтқарушылары жағада қалып қойған балаларға көмектесті

         Бүгін Үлбі өзенінде ата-ананың қарауынсыз қалған 11 және 16 жастағы үш бала қарсы жағада ойнап жүрген. Үйге қайтатын кезде балалар өздігінен кері қайта алмайтынын түсінген. Олардың ішіндегі ең ересектеуі суды кешіп өтіп, жақын маңдағы құтқарушылар бөлімшесіне хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағы мен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы қайықпен балаларды бергі жағаға алып шықты. Тоңып қалған балаларды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарап шыққаннан соң қатты тоңу белгілері болғандықтан оларды ауруханаға жеткізді.

        ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай және қауіпсіздік шараларын түсіндіру қажеттігін ескертеді. Еш уақытта жағалауда және мұз ойықтарында ойнауға болмайды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112-ге хабарласыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі