
Үйде тамақ пісіру – әр адамның күнделікті тыныс-тіршілігі. Алайда, күнделікті болғанына қарамастан ас дайындау кезіндегі кішкене ғана болса да қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамаудан қайғыға әкеп соғуы ықтимал. Тамақтың күйіп кетуінің негізгі себебі – салғырттық. Қазандағы тамақты пеш үстіне қойып жиі жағдайда ұмытып жатады: шаршап немесе мас күйде ұйықтап қалады, тіпті үйден кетіп те жатады.
13 ақпанда Назарбаев көшесінде бесқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтер иесі пеш үстінде тамақты қараусыз қалдырған. Салдарынан түтін бүкіл подъезге тараған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар саты арқылы 20 тұрғында, оның ішінде 5-баланы сыртқа шығарды. Түтін басқан пәтерден 1961 жылы туған пәтер иесі құтқарылып, ауруханаға жөнелтілді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 410 –бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін үй иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ТЖД негізгі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:
Өрт кезінде дереу 101, 112-ге хабарласыңыз.