Өскеменде екі ер адам суицидтің алдын алды

Өскеменде екі ер адам суицидтің алдын алды

13 ақпан күні 1966 жылы туған әйел өзенге секіріп, өмірімен қоштаспақ болған. Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен жетті. Осы уақытта көлігімен келе жатқан Дидар Адиков көпірдің жақтауынан асып түсіп тұрған әйелдің біртүрлы қылығын байқап қалады. Ол күрт көлігін тоқтатып, көмекке ұмтылды, соңғы сәтте шап беріп ұстап қалды, осы уақытта жанында кетіп бара жатқан адам да Дидарға әйелді алып шығуға көмектескен. Әйелді полиция қызметіне табыстады.

Дидар Адиков «Өскемен ТМК» АҚ-да краншы болып жұмыс істейді, ал жанындағысы көмектескен соң, оқиға орнынан Газель көлігімен кетіп қалған.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты