
2021 жылғы 12 ақпанда Семей қ. әкімдігінде қала әкімі Н.А. Сақтағановтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста келе жатқан су тасқыны кезеңіне тән және бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды:
- 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық. Семей қ. АҚМК күштері мен құралдарын «Көктем-2021» РКШОЖ-ға дайындау және әзірлікке келтіру және көктем кезінде болуы мүмкін табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою.
- 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатсыз жұмыс істеуі, гидротехникалық құрылыстардың жағдайы.
- құлақтандырудың локальді жүйесін жетілдіру және енгізу туралы.
Отырыс нәтижесі бойынша, Семей өңірінің аумағын, тұрғындарды қорғау жөніндегі тиісті шараларды қабылдау мақсатында, жауапты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қарапайым іс-шараларды орындау және жүргізу үшін тиісті ұсыныстар берілді.
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖ Басқармасы