Семей қ. ТЖБ-да оқу өткізілді

Семей қ. ТЖБ-да оқу өткізілді

Азаматтық қорғау саласында тұрғындарды оқыту - төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттер дағдысын өтеу, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жүмыстарды жүргізу үшін, өзін-өзі құтқару және бірлесіп көмек көрсету бойынша негізгі тәсілдері мен әдістерін білу және тұрғындар арасында болуы мүмкін шығынды және материалдық шығындарды максималды азайту мақсатында жүргізіледі. 

2021 жылғы 11-12 ақпан аралығында Семей қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері Семей қаласының әкімімен бекітілген "2021 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқыту үшін тыңдаушылармен топ санаттарын жасақтау жоспарына" сәйкес "БӘД және ТҚН пәндері бойынша колледж оқытушыларымен" "ZOOM" платформасында онлайн режимде сабақтар өткізді.

Оқыту барысында тыңдаушылар бірінші дәрігерлік көмек көрсету бойынша дағдыларын үйренді, түрлі төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға, өрт қауіпсіздігі саласында дәріс алды, сонымен қатар азаматтық қорғау саласында нормативтік-құқықтық актілерді оқу бойынша дәріс жүргізілді. 

Оқу тобын оқытуы тестілерді тапсырумен аяқталды, оның қорытындысы бойынша сертификаттар табыс етіледі.

 

ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ