
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жолдардың жабылуы, сабақтардың болмауы және ауа-райы жағдайы туралы бірнеше мәрте Дармен ұялы қосымшасы арқылы хабарлаған болатын. Алайда, жыл басынан бері қыс маусымында Шығыс Қазақстанның құтқарушылары қар құрсауынан 64 адамды, 15 көлікті сүйреп шығарып, сонымен қатар жолда сынып қалған көліктерден 34 адамды құтқарған. Қар құрсауында қалған көптеген адамдар құтқарушылардың ескертулеріне немқұрайлы қарап, елдімекеннен тыс шығып экстремалды жағдайларға тап болған. Өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз бен ыңғайлы болуы үшін Дармен қосымшасын орнатыңыз. Ол тұрғындарға дауылдық гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіп, қыс мерзіміндегі жолдардың жабылуы, республика аумағындағы профилактикалық және өзге шаралар туралы уақтылы хабардар еткен.
Сонымен қатар, қыс маусымы келісімен аталмыш қосымша ата-аналар мен оқушыларға қолайсыз ауа-райы жағдайы кезінде сабақтың болмайтыны туралы хабарлама жіберетін болады.
«Darmen» мобильді қосымшасы «Play market /darmen/» және «App store /darmen/» жүктеу үшін қолжетімді.
Жүктегеннен кейін, тек қызығушылық тудыратын жеке өңірді немесе өңірді таңдау қажет және жедел ақпарат бойынша жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізілетін болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты