Балабақшадағы өрт қауіпсіздігі сабақтары

Балабақшадағы өрт қауіпсіздігі  сабақтары

Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерімен "№ 2 "Айдана" ясли бақшасы" КМҚК  тәрбиешілері мен балабақша қызметкерлері арасында өрт қауіпсіздігі мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «өрт туған жағдайдағы және т.б. төтенше жағдайдағы алғашқы іс-әрекеттер» және «алғашқы өрт-сөндіргіш құралдарын қолдану» тақырыбында онлайн режимде сабақ өткізілді. Қатысушыларға мектепке дейінгі білім беру объектілеріне арналған өрт қауіпсіздігі тәртібі түсіндірілді. Сабақ барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойылып, оларға жауап берілді.

Қазіргі уақытта осындай өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша өткізілетін сабақтар профилактикалық жұмыстарды жүргізудің тиімді тәсілі болып келеді.

 

Семей қ. ТЖБ аға инженері  Жарқын Тлебалдин