Өрт-тактикалық жаттығу өткізілді!

Өрт-тактикалық жаттығу өткізілді!

Ұлан ауданының құтқарушылары 2021 жылдың 9-шы ақпан күні Қасым Кайсенов кентінде орналасқан «Өскемен құс фаврикасы» АҚ-ның ғимаратында өрт-тактикалық жаттығу өткізді.  Бағдарлама бойынша жем цехы ғимаратының екінші қабатында орналасқан ағаш кесу бөлмесінде жану орын алды. От көліктік ленталар арқылы сүрлемдер мен жабдықтарға тарап кету қауіпін тудырды. Объектідегі кезекші өрт туралы хабар алғаннан кейін бірден 101 нөмеріне өрт туралы хабар берді, дыбыс зорайтқыш құрылғысы арқылы жызметкерлерді хабардар етті. Аз уақыттың ішінде өрт туындаған орынға құтқарушылар келіп, күштер мен құралдарды орналастыруды жүргізді. Өрт орнында жедел топ құрылды. Өрт сөндірушілер автоцистернаға өрт сөндіру жеңдерін жалғау арқылы шартты өрті өшіруге кірісті, ККА-і арқылы өрт сөндіру оқпаны ғимараттың төбе  конструкцияларын салқындату үшін қолданылды.  Өрт тактикалық жаттығуға барлығы 5 құтқару техникалары және 22 құтқарушылар қатысты. Шартты өртті өшіру кезінде жем цехының қызметкерлері өрті анықтау кезіндегі  өрт сөндірушілер келгенге дейінгі іс-қимылдарына машықталды. Жаттығу кезінде өрт сөндіруші бөлімнің жеке құрамының өрті барлау, жауынгерлік орналастыру, адамдарды құтқару және өрті сөндіру кезіндегі шеберліктеріне машықтанды.

Өрт –тактикалық жаттығудың нәтижесі бойынша жаттығу басшысы ғимарат әкімшілігіне, қызметкерлерге жаттығу кезіндегі іс-әрекеттерінің жақсы және әлсіз жақтарын, сонымен қатар өрт сөндіру жеке құрамның дайындық деңгейлерін көрсетті.

Ұлан ауданының ТЖБ