
11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминалдық полиция сарапшысынан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кеткенболатын. Іздестіру тобы биік тауда борпылдақ қарға қарда жүретін техникамен жол сала отырып 35 шақырымды артқа тастады. 15 сағат 10 минутта жұмыстар толығымен аяқталды. Еске сала кететін болсақ 2021 жылғы 10 ақпанда облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетті. 1979 жылы туған демалушылардың бірін қар басып қалды.
Таудан түсу қар жабынының биіктігімен, қараңғы түсумен, тік қия және төменгі ауа температурасы қиындатты,осыған байланысты қаза болған адамды тасымалдау 11 ақпанға таңертеңге қалдыруға тура келді.
Қазіргі таңда құрылған комиссия көшкін жүрген орынды тексеруді бастап кетті.
ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған.
ҚР ТЖМ мынаны ескертеді:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі