Алтай қаласының құтқарушылары өрт кезінде 2адамды құтқарып қалды

Алтай қаласының құтқарушылары өрт кезінде 2адамды құтқарып қалды

Бүгін сағат 10 шамасында Советская көшесінде өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп жеткенше көпқабатты үйде  орналасқан дүкенде заттай тауар жанып жатқан еді. Сатушының сауатты іс-қимылы арқасында – өртті дер кезінде байқап, жанған заттарға су құюының арқасында өрт үлкен аумаққа тарағанжоқ.

         Өрт кезінде құтқарушылар саты арқылы 2-қабаттағы үйден 2 адамды алып шықты. Үйлескен және шапшаң іс-әрекеттердің нәтижесінде өрт 5  шаршы метрде сөндірілді. Өрттің себебі электр сымдарын пайдалану және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамау болды.

         Алтай ауданы ТЖБ мамандарының айтуынша дүкен тәуекел деңгейі тқмен объектіге тиесілі. Сауда бөлмесінде өрт сигнализациясымен келісім болған, оның іске қосылуы өрттің дер кезінде анықталуына ықпал етті.

ШҚО ТЖД объекті басшыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігі туралы ескертеді:

  • Автоматты өрт сигнализациясын қосы;
  • Алғашқы өрт сөндіру құралдары болу;
  • Электр сымдарының жағдайына назар аудару;
  • Персоналдың өрт кезіндегі іс-әрекетін білуі.

Объектіде өрт шыққан кезде 101, 112-ге қоңырау соғу.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі