ШҚО құтқарушылары қар құрсауында қалған балықшыларға көмектесті

ШҚО құтқарушылары қар құрсауында қалған балықшыларға көмектесті

Кызылка өзенінде екі балықшысы бар Митсубици Паджеро көлігі қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен дер кезінде көмекке келіп және азаматтарды жақын маңдағы Шүлбі ауылына жеткізді. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болмады. Олар балық аулауға барғаннан кейін, жолды қатты үрлеп тастағандықтан кері қайта алмай қалған екен. Бұған дейін ШҚО ТЖД құтқарушылары тұрғындарға дауылдық ескерту туралы хабарлаған болатын.

         ШҚО ТЖД елдімекеннен тыс жерге шығар алдында мыналарға кеңес береді:

  • жолдың жағдайын және алдағы күндердегі ауа-райы туралы «Дармен» ұялы қосымшасынан біліңіз;
  • баратын бағдарыңыз және қайту уақытыны туыстарыңызға хабарлаңыз;
  • көлікті қолшаммен, медициналық қобдишамен, арқанмен жабдықтап, жылы киім алыңыз, көліктің аккумуляторын қуаттаңыз;
  • елдімекеннен тыс аса қажет болмаса шықпаңыз, құтқарушылардың жолды шектеу туралы кеңестеріне құлақ түріңіз;
  • құтқарушылар көмегі қажет болса 112-ге хабар беріңіз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты