Құтқарушылар тас жолдағы жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті

Құтқарушылар тас жолдағы жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті

Кеше түнде Семей қаласынан 50 шақырым жерде Қызымшек ауылының жанында "Мерседес" маркалы көп тонналы жүк көлігі, кюветке шықты.

Жедел көмекке 2-МӨСБ құтқарушылары авариялық-құтқару көлігінің арнайы техникасымен (АСА-20) келді. Шетелдік (түрік) жүргізуші жүк алып жүруіне байланысты эвакуациялаудан бас тартты.

2-МӨСБ қызметкерлері жүкшығырдың көмегімен автокөлікті жолға шығарып, жүргізуші өз жолын одан әрі жалғастырды.

ШҚО ТЖД тұрғындардың назарына, құтқарушылардың ұсыныстарын ескеру керек:

- егер сіз өз автомобиліңіздің техникалық жарамдылығына сенімді болмасаңыз, елді мекендерден кетпеуге;;

- егер жолға шықсаңыз көлік құралын дәрі қобдишасымен, арқанмен, күрекпен, жылы заттармен, азық-түлікпен, ыстық шаймен жабдықтаңыз;

- ауа райы және жолдардың жабылуы туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасынан қадағалаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша хабарласу қажет!

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі