Семей құтқарушылары өрт кезінде әйел адамды құтқарып, 3 газ баллонын шығарды

Семей құтқарушылары өрт кезінде әйел адамды құтқарып, 3 газ баллонын шығарды

27 қаңтарда екі қабатты үйде, бір бөлмелі пәтерде, Силикатный кентінің 2-қабатында өрт болды. Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел келіп, зал үй-жайында жиһаз бен жеке заттар жанып жатқанын анықтады.

Өрт сөндіру барысында жанып жатқан ғимараттан 12-ӨСБ газ түтіннен қорғау қызметі буынының құтқарушылары Сейтенов Ерлан, Оралғазыұлы Дәурен , Көшеев Манат 1960 жылы туған әйелді құтқарды. Өрт сөндірушілер өртті сөндіруге тырысқан әйелді тауып алып, оны тез арада таза ауаға шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Барлау барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден көлемі 27 литр болатын 1 газ баллонын тауып , алып шықты, ал айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көрші пәтерден тағы 2 газ баллонын алып шықты.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 7 ш.м. өртті тез жойды. Алдын ала нұсқалар – электр жабдықтарының авариялық режимі және отты абайсыз пайдалану.

Семей қ. ТЖБ мамандары өз мүлкі мен өмірін сақтау үшін келесі ережелерді сақтау қажет екендігін ескертеді:

- егер сіз жанудың иісін сезсеңіз, түтін немесе отты көрсеңіз дереу өрт сөндірушілерді шақырыңыз;

- көршілерге өрт туралы ескертіңіз;

- тез арада үй-жайдан шығыңыз, бұл ретте тыныс алу ағзаларын дымқыл шүберекпен жабыңыз, ол арқылы тыныс алыңыз;

- егер шығу жолдары отпен кесіліп тасталса, балконға шығуға тырысыңыз, артыңыздан есікті тығыздап жауып, көмекке шақырыңыз;

- өрттің алдын алу үшін электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасы ережелерін сақтау, сондай-ақ отты пайдалану кезінде абай болу қажет.

Өрт шыққан жағдайда "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ