Семей құтқарушылары сиырға шұңқырдан шығуға көмектесті

Семей құтқарушылары сиырға шұңқырдан шығуға көмектесті

Қаланың шетінде, әскери бөлімнің жанында, полигон маңайында жайылып жүрген сиыр , дәретхананың шұңқырына құлады. Бір тәулікке жуық жануар-«тұзақта» қалды. Оны әскерилер байқап, құтқарушыларға қоңырау шалды. Оқиға орнына келген Семей қаласының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен дәретхананы бір шетінен көтеріп, ағаш тіректерге қойып, содан кейін арқанның көмегімен жануарды тарта бастады. Дәретхана көтерілген жерде шұңқыр жұмсақ болып, сиыр өзі еш қарсылықсыз шықты. Жақын жерде иесі болмағандықтан, жануар үй жағына бет алды.

ШҚО ТЖД жануарлары бар азаматтардан өздерінің "асыраушыларын" қараусыз қалдырмауды, оларды арнайы жайылымдарда бағуды сұрайды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі