Өткентүнде Өскемен қаласының құтқарушыларыірі өртті сөндірді

Өткентүнде Өскемен қаласының құтқарушыларыірі өртті сөндірді

26 қаңтарда сағат 02:38-де Абай даңғылы бойынша орналасқан ЖШС-нің бірінің аумағындағы пайдаланылмайтын ғимаратта екінші және үшінші қабаттағы аға құрылымдары, төбенің рубероиджабындысы өртенді. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері бірденотпен арпалысқа түсті, «Өрт сөндіруші» АҚ Шығыс-Қазақстан филиалының өрт сөндірушілері  қосымша жұмылдырылды. Бөлімшелердің өзара іс-қимылы менүйлесімділігі жалпы 220 ш.м. алаңдағы өртті толығымен жоюға мүмкіндік берді.

Тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеу үшін құтқарушылар газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буынын құрды. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 12 бірлік техникасы мен 50 адам жеке құрамы, сондай-ақ«Өрт сөндіруші» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы жеке құрамынан төрт адам және бір бірлік техникасықатыстырылды.

Мамандар өрт себебі бойынша жұмыстарын жүргізу кезіндеөрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаунұсқасын қарастырып отыр.

ШҚО ТЖД объектіде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігінескертеді:

 

- персоналмен өрт қауіпсіздігі жөніндегі шаралар бойынша нұсқамалар өткізу

- алғашқы жарамды өрт сөндіру құралдары және автоматты өрт дабылы болуы тиіс;

- эвакуациялау жолдарын тиісті жағдайда ұстау;

- өрт кезіндегі іс-әрекеттер жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу

 

Өрт кезінде 101 және 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі