Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында автомобильдердің тұрып қалуы жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысында қар құрсауында автомобильдердің тұрып қалуы жалғасуда

Оларға құтқарушылар көмектесуде. Бір тәулік ішінде құтқарушылар 3 авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты. Ұлан және Шемонаиха ауданындағы тас жолда қар құрсауында қалған 8 азаматқа көмек көрсетілді. Ұлан ауданында құтқарушылар «Нива» және «Ланд Крузер» автокөліктерін, Шемонаиха ауданында «Мерседес Спринтер» және ВАЗ көліктерін шығарып, барлық азаматтарды эвакуациялады, оларға медициналық көмек қажет болмады.

Қысқы кезеңде жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау үшін ШҚО ТЖД ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді қадағалауды, 112 қызметінің SMS-хабарламаларын ескеруді және ауа райы жағдайы нашарлаған және автожолдарда қозғалысқа шектеулер енгізілген кезде жолға шықпауды өтінеді.

«Қысқы сапарға аттанар алдында машинаны қосымша, бірақ аса қажетті багажбен жабдықтау қажет, ол сізге шұғыл жағдайда көмектеседі, сондай - ақ отын қорымен қамтамасыз етеді», - деп құтқарушылар кезекті рет ескертеді. Ауа райы жағдайы және автожолдардың жабылуы туралы «Дармен» мобильдік қосымшасында танысуға болады.

Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда, 112 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Шығыс Қазақстанда тұрақсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды.

ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі