
ШҚО ТЖД қызметкерлері ауа райының қолайсыздығынан жолдарда бірнеше құтқару операцияларын жүргізді, барлығы 26 азамат құтқарылды.
Құтқарушыларға алғашқы қоңырау Мақаншы-Үржар тасжолынан түсті, «Тойота Хайлендер» автокөлігі кюветке ұшып кеткен. Адамдар «112» қызметіне хабарласып, оларды эвакуациялауды сұрады. Оқиға орнына келген 54-ӨСБ қызметкерлері көлікті сүйреп шығарғаннан кейін, 3 азамат Мақаншы ауылына қарай жол тартты.
Келесі қоңырау Мақаншы-Благодарное автожолынан келіп түсті, онда 2 автокөлік қар құрсауында қалған, құтқарушылар жедел әрекет етіп, төрт жолаушы тас жолдан эвакуацияланды.
Осыған ұқсас жағдай Тарбағатай ауданының Ақжар-Шілікті автожолында да орын алды, онда 2 автокөлік тұрып қалған. 52-ӨСБ қызметкерлері 4 азаматты қыстауға жеткізіп салды.
Қар құрсауында адамдары бар автокөлік және Омбы-Майқапшағай тас жолында көмекке мұқтаж 6 автомобиль қалған, олардың арасында «Газель» және КАМАЗ болды. Құтқарушылар арнайы техникамен көмекке дер кезінде келіп жетіп, қар құрсауынан 6 көлік құралын шығарып, 15 азаматты Зайсан қаласына жеткізді.
Автожолдарды қар құрсауынан тазарту үшін жол қызметтері жіберілді.
Құтқарушылардың жұмысы бораннан, көрі мүмкіндігінің шектеулінен, қар мен желдің салдарынан күрделене түсті.
ШҚО ТЖД елді мекендерден тыс алыс жолға аттанарда еске салады: «Дармен» мобильді қосымшасы бойынша жолдардың жағдайы және алдағы ауа-райы туралы біліңіз; туыстарыңызға өзіңіздің жоспарланған бағытыңыз және оралу күні туралы хабарлаңыз; автомобильді қолшаммен, дәрі қобдишамен, арқанмен жабдықтаңыз, жылы киімдеріңізді алыңыз, автомобильдің аккумуляторын алдын ала зарядтаңыз. Ерекше қажеттіліксіз елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз, құтқарушылардың қозғалысты шектеу жөніндегі ұсынымдарын қадағалаңыз.
Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, дереу 112 телефонына хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты