Мысық құтқарылды

Мысық құтқарылды

Өскемен қаласында Кожедуба көшесі бойынша қараусыз қалған ғимараттың аумағындағы құдыққа мысық құлап түскен. Мысықтың жалынышты даусын естіген балалар құтқарушыларды көмекке шақырды. Мамандандырылған жасақтың құтқарушылары арқанның көмегімен мысықты қауіпті аймақтан алып шығарып, оны иесіне қайтарамыз деген балалардың қолына табыстады.

Жануарларды құтқару – құтқарушылардың жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады дейді құтқарушылар.

ШҰҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі