ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТЕКСЕРІЛҮДЕ

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ТЕКСЕРІЛҮДЕ

Бородулиха ауданының ТЖБ және өрт сөндірү бөлімдерінің қызметкерлері жылыту маусымында, тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен ережелерінің талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізілді. Сондай-ақ азаматтарға от жағу маусымында өрт шыққан жағдайда шара қолдану ережелері түсіндірілді. Тұрғындарға түтін мұржалары мен пештерді уақытында ыстан тазалау қажеттілігі туралы, пеш үстіне киім кептірмеу және т.б. ұсыныстармен ескертпелер таратылды. Шынында, өрт қауіпсіздігінің осындай қарапайым ережелерін орындай отырып, өрттің алдын алу, оны сөндіруден әлде қайда жеңіл емес пе.

Тұрғын үйлерді тексеру нәтижелері бойынша үй иелеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нақты ұсыныстар берілді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша атқарылған профилактикалық жұмыстың мақсаты тұрғын  үйлердегі өрттердің алдын алу және адамдардың қаза болуын болдырмау болып табылады.

 

Бородулиха ауданы ТЖБ