
Өскеменде бүгін таңғы сағат 7 шамасында Добролюбов көшесінде жылу трассасының құбырлары арасындағы ашық аумақта 10 ш.м. алаңда қоқыс жанған. №7 ӨСБ өрт сөндірушілері Дидар Зименов пен Асылан Бекенов 1982 және 1978 жылы туған екі ер адамды тауып, өрт ошағынан алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті, термиялық күйікпен оларды қалалық ауруханаға жеткізді. Өрттің басты себебі - отпен абайсыз болу.
ШҚО ТЖД, отты абайсыз қолдану өрттің 45% тудыратынын еске салады.
Өрт себептерін талдау, олардың көпшілігі, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін ескермейтін адамдардың өздері екенін көрсетеді. Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрқайсымыздың міндетіміз.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» және «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД ақпараты