Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қар құрсауынан екі балықшыны құтқарды

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қар құрсауынан екі балықшыны құтқарды

17 қаңтарда екі балықшы Каменский су қоймасы қарай жолға шығады, жолда «Ниссан» маркалы автомобиль қарға батып кетеді. Алдымен ер адамдар өздері көлікті шығаруға тырысады, алайда ол қолдарынан келмеген соң, құтқарушыларды көмекке шақырды. Көмекке жедел түрде Ұлан ауданының 34-ӨСБ қызметкерлері мен полиция қызметкерлері келіп жетті, олар автомобильді қар құсауынан сүйреп, тазартылған учаскеге шығарды.

ШҚО ТЖД азаматтарға алыс жолға шығар алдында автокөлікті дайындауды ұмытпауын, оның жол жүруге дайын екеніне көз жеткізуін, арқанды, дәрі қобдишасын, жылы қосалқы заттарды алуды ескертеді. «Дармен» мобильді қосымшасынан ауа райы жағдайларымен міндетті түрде алдын ала танысыңыз.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөміріне хабарласыңыз.

ШҚО ТЖД ақпараты