
Балалар жарақаттануының алдын алу және төменгі ауа-температурасы кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу шеңберінде, Өскемен қаласы ТЖБ қызметкерлері қысқы кезеңде оқушылардың қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру бойынша интерактивті сабақ өткізді.
Онлайн сабақта құтқарушылар жұқа мұзда болу қауіптілігін, жазатайым оқиғалар кезінде қалай көмек көрсету, өзін-өзі құтқару тәсілдері, аяз және боран кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері, тас жолға жақын маңда стьюбта сырғанау қауіптілігін атап өтті.
Оқушылар үшін сабақ слайд арқылы жүргізілді. Онлайн сабаққа қаланың 20-дан астам мектебі қатысты.
Өскемен қаласының ТЖБ мамандары, интерактивтік сабақтар қаланың бірнеше мектебін жаппай қамтуға, ең басты мақсат – төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық ережелеріне өскелең ұрпақты оқытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Өскемен қаласы ТЖБ ақпараты