Бірқатар шаралар жүргізілді

Бірқатар шаралар жүргізілді

13 қаңтарда Семей қаласының Затон бөлігіндегі Мирный кентінде Семей қаласының ТЖБ мамандары және жергілікті атқарушы органдар арықтарды тексерді. Қарапайым шараларды жүргізу шеңберінде және тұрғын үйлерді су басуының алдын алу мақсатында Семей қаласы ТЖБ және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жүргінші жолдағы арықтарды тазалау және түбін тереңдету бойынша жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.

Тазалауға барлығы жергілікті атқарушы органнан 30 қызметкер мен 7 бірлік техника, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 ә/б жеке құрамынан 50 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты