
ҚР ТЖМ Қазавиаспастың ұшқыштары 2021 жылғы 06-11 қаңтар аралығында 5 ауыр науқасты жеткізуге көмектескен.
Ақжар мен Ақсуат ауылдарынан үш жаңа туған нәрестені, Катонқарағайдан әйел адамды, Алтай қаласынан – ер адамды алып келген. Осы науқастардың барлығын облыс орталығына жедел медициналық көмек көрсету үшін дереу жеткізу қажет болған.
Жедел ден қою үшін «Eurucopter-145» тікұшағының ұшқыштары күндіз науқастарға барып, Өскеменге қайтып оралуы тиіс.
Ұшудың күрделігі өңірдегі ауа-райының қолайсыз жағдайы, нашар көріну жағдайында ұшу. Кезекші экипаж алғашқы мүмкіндік туа салысымен ұшты. ҚР ТЖМ тәжірибелі ұшқыштары Игорь Мухин мен Илья Точай азаматтарды құтқару операциясына қатысып, оқиғасыз орындай алды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты