Өскеменде құтқарушылар қазіргі сәтте қаланың ғимараттарының біріндегі өртті ауыздықтады

Өскеменде құтқарушылар қазіргі сәтте қаланың ғимараттарының біріндегі өртті ауыздықтады

Карл Либнехт көшесіндегі 4-қабатты ғимаратта өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткен кезде аспалы төбе жанып жатқандығы белгілі болды. Жану ошағы алдын ала болжам бойынша 250 шаршы метрді құрады. 17 сағат 09 минутта өрт ауыздықталды. Құтқарушылар дереу қабаттағы азаматтарды шығарды. Үш адамды құтқарды. Өртті сөндіруге  жеке құрамнан 37 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

         ШҚО ТЖД объект басшыларына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:

  • Алғашқы өрт сөндіру құралдары болып, және оны жұмысқа жарамды және қажетті санын ұстау керек;
  • Объект персоналы уақты қауіпсіздік нұсқаулығынан өтсін;
  • Объектідегі эвакуация жолдары мен автоматты өрт сигнализациясының жағдайына ерекше назар аудару.

Өрт кезінде 101, 112-ге қоңырау соғыңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты