Құтқарушылар 3 адамға қатты аяз кезінде үйлеріне жетуге көмектесті

Құтқарушылар 3 адамға қатты аяз кезінде үйлеріне жетуге көмектесті

7 қаңтарда таңертеңгі 6-лар шамасында Бородулиха ауданының құтқарушыларына Барышовка және Жерновка ауылдарының арасындағы жолда қалған Мицубиси Паджеро көлігінің жолаушылары өтініш білдірген еді. Көліктің дизельді отыны қатып қалған екен. Осы кезде Бородулиха ауданында ауа температурасы 30 градус аязды көрсеткен. Оқиға орнына Нива Шевролемен келіп жеткен құтқарушылар 3 жолаушыны үйіне жеткізген. Мицубиси Паджеро көлігін осы маңда өтіп бара жатқан ВАЗ 2115 көлігі сүйреуге көмектескен.

ШҚО ТЖД құтқарушылар оған дейін тұрғындарға алдағы аязды күндер туралы хабарлап, алыс жолға шығудан бас тарту қажеттігі туралы ескерткен.

ШҚО ТЖД құтқарушылары алыс жолға шығар алдында мыналарды аалу қажеттігін ескертеді: «Дармен» ұялы қосымшасын жүктей отырып жолдардың жағдайы және ауа-райы туралы жағдайды біліңіз; баратын орныңыз бен оралу уақытын туыстарыңызға хабарлаңыз; жылы заттар алыңыз; көлікте қолшам, дәрі қобдишасы, тосс, көліктің аккумуляторын қуаттаңыз. Елдімекеннен тыс жерге аса қажетінсіз шықпаңыз және құтқарушылардың аязды күндері шектеулері бойынша ұсыныстарын қадағалаңыз.

         Аязды күндері алысқа жолға шығып тәуекелге бармаңыз, дизельді отындағы көлік құралындағы шектеулерді есте ұстаңыз. Төтенше жағдай кезінде немесе құтқарушылардың көмегі қажет  болса 112 телефонына хабарласыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты