
3 қаңтарда «Өскемен-Белоусовка» тас жолында ВАЗ және КИЯ маркалы екі көліктің соғылып қалуы нәтижесінде жол-көлік оқиғасы орын алып, адамдар зардап шекті. ВАЗ көлігінен жүргізуші мен 12 жасар қыз бала шыға алмаған. Белоусовка кентінің 24-ӨСБ құтқарушылары оқиға орнына келісімен алдыңғы жолаушы орындығын жылжытуға көмектесті. Осы уақытта көмекке қосымша жедел-құтқару жасағының құтқарушылары да келіп кетті, олар аяғы қысылып қалған қыз баланы алып шығып, жедел жәрдем мамандарына табыстады. Одан кейін жүргізушіні босатуға кірісті.
ШҚО ТЖД құтқарушылары мынаны ескертеді: қыс маусымында – қауіпсіздік кепелі бұл – мұқияттылық пен ұқыптылық. Қыс мезгілінде жаздағыдай жылдамдық режимін ұмыту керек. Арақашықтық сақтаңыз. Тежегіш немесе импульсті тежегішті қосыңыз. Немесе екі әдісті аралас қолданыңыз. Жоғарыға көтерілген немесе ылдиға түскен кезде абайлап жүріңіз.
Абайлаңыз және төтенше жағдай туындаған жағдайда 112-ге қоңырау соғыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты