
Жаңажылдық мерекелер кезінде құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеді. 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 5 қаңтар аралығында ШҚО ТЖД құтқарушылары 20 авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды, 8 рет есік ашты, 1-рет ЖКО кезінде көмек көрсетті, 1-рет жылыту бекетіне жеткізді, сонымен қатар 10 оқиға қарттарға, жедел жәрдемге және полиция қызметкерлеріне көмек көрсетілді.
31 желтоқсанда Өскемедегі Пахомова көшесінде ер адам есігін аша алмай құтқарушыларды шақырған. Құтқарушылар қарапайым құралдың көмегімен кіре беріс есікті ашып берді.
01 қаңтарда таңғы сағат 3 шамасында облыс орталығында құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге «Титан» саяжай аумағында адасып кеткен әйелге көмектесті. ШҚО ТЖД құтқарушылары аталмыш ауданды дауыс зорайтқыш арқылы «сүзіп» шықты. Дауысты естіп, ол көшеге қарай шыққанда полиция қызметкерлері тауып алды.
01 қаңтарда ер адам Күршім ауданындағы Алғабас ауылынан Бақты Ашутасқа қарай шығып, адасып кеткен. Ол дереу 112-ге хабарласып нұртоғай ауылының жанында екендігін айтқан. Құтқарушылар оны қыстақтан тауып алып, үйіне жеткізді.
04 қаңтарда Өскемендегі Рижская көшесінде екі баласы бар әйел жылыту жүйесін жылыту үшін құтқарушылардан көмек сұраған. МЖ қызметкерлері бакты қыздырып, жылыту жүйесін жөндеуді ұйымдастырды.
05 қаңтарда 00 сағат 06 минутта «Глубокое-Кожохова» жолында ер адам Ваз көлігімен жол шетіне шығып кеткен. Оқиға орнынан көмек сұрады. Ол жерге 23-ӨСБ қызметкерлері барып оны Глубокое ауылына алып келді.
Семей қаласында ер адам пәтеріне қамалып қалған. 2-МӨСБ қызметкерлері келген кезде полиция қызмтекерлерінің қатысуымен есіктің құлпын бұзып, ашты. Пәтерде 1937 жылы туған қарт болған және ол құлап қалып, өздігінен орнынан тұра алмаған екен. Құтқарушылар оған көмектесті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты