ШҚО жолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары

ШҚО жолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары

Құтқарушылар Шемонаиха ауданында қар құрсауында қалып қойған 1 техника мен 3 жолаушы және Қалбатаудың маңайындағы жолда қалған 2 жолаушыға көмектесті

 

         11 қаңтарда түнгі бір шамасында Шемонаиха ауданындағы Убинка ауылынан 10 шақырым жерде «Ланд Крузер Прадо» маркалы көлігінде 3 адам қар құрсауының тұтқыны болған. Көмек көрсету үшін оқиға орнына  Шемонаиха ауданы ТЖБ құтқарушылары келіп жетті, олар жергілікті шаруа қожалықтарының екі тракторының көмегімен қолда қалғандарға дейін жолды тазалап және буксирмен автокөлік пен 3 жолаушыны жақын маңдағы ауылға алып келді.

         11 қаңтарда 5 сағат 50 минутта Жарма ауданында «Өскемен-Алматы» бағыты бойынша келе жатқан 2 жолаушысы бар ВМВ маркалы көлігі 70 шақырымда қалып қойып, ШҚО ТЖД қызметкерлері көмек көрсеткен. Көлік жолда сынып қалған екен.

         Бұған дейін құтқарушылар Шығыс Қазақстан бойынша желдің жылдамдығы 15-25 м/с дейін жетіп, боран соғатыны туралы дауылдық ескерту туралы ақпарат таратқан болатын.

         ШҚО ТЖД азаматтардың дауылдық ескерту алған кезде аса қажетінсіз елді мекеннен шықпауға кеңес береді.

Егер де алыс жолға шығар  болсаңыз көлікті дайындаңыз, күрек, тросс, өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, қосымша жылы киім және жанар-жағармай алыңыз.

Дауылдық ескертулер туралы ақпаратты Дармен ұялы қосымшасын жүктей отырып, алуға болады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз 112-ге хабарласыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты.