Құтқарушылар жылыту бекетіне 15 адамды жеткізді

Құтқарушылар жылыту бекетіне 15 адамды жеткізді

2021 жылғы 4 қаңтарда 02 сағат 10 минутта Курчатов қаласының құтқарушыларына алыс жолға шығатын жүргізушілер өтініш білдірді. Павлодар облысына қарай блок бекетінде дизельді отынмен жүретін «Шансиман» маркалы 7 көлік жанармайы қатып қалғандығынан жүре алмай тоқтап қалған екен. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖБ мен 15-ӨСБ құтқарушылары 15 азаматты жылыту бекетіне жеткізіп, жергілікті атқарушы орган тамақтануды ұйымдастырды.

         ШҚО ТЖД құтқарушылары елдімекенннен тыс алыс жолға шығар алдында «Дармен» ұялы қосымшасын жүктей отырып жолдардың жағдайы және ауа-райы туралы жағдайды біліңіз; баратын орныңыз бен оралу уақытын туыстарыңызға хабарлаңыз; жылы заттар алыңыз; көлікте қолшам, дәрі қобдишасы, тосс, көліктің аккумуляторын қуаттаңыз. Елдімекеннен тыс жерге аса қажетінсіз шықпаңыз және құтқарушылардың аязды күндері шектеулері бойынша ұсыныстарын қадағалаңыз.

         Құтқарушылрдың көмегі қажет болса 112-ге хабарласыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты