
Бүкіл облыс бойынша сауда орындарына мониторинг жүргізілуде. Басты мақсат сертификаты жоқ пиротехникалық өнімді сатуға жол бермеу.
ШҚ ПД мамандарының деректері бойынша «Пиротехниканы лицензиясы болса ғана сатуға болады. Олай етпеген жағдайда «Тауарлар мен өзге заттарды заңсыз сату» ҚР ӘҚтК 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады және материал әкімшілік сотқа қарастыру үшін жолданады.
«Аталмыш құқық бұзушылық үшін 25 АЕК айыппұл көзделген, яғни 69450 теңге», - деді Өскемен қаласы ПБ ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылау бойынша тобының аға инспекторы Талғат Искаков.
Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері пиротехникалық өнімдерді оны сатуға арналған орындардан ғана алуға кеңес береді. Оның сақталу мерзімі мен сатылуына назар аударыңыз. Қабы бүлінбеген, бүтін болуы тиіс. ШҚО Полиция департаментінің деректеріне сәйкес барлығы Шығыс Қазақстан облысында сатуға сертификаты бар, рұқсат алған 4 орын ғана бар екен.
«Өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес пиротехникалық өнімдерді сатуға арнайы дүкендерге немесе бөлімдерге рұқсат етіледі. Ондай өнімдер өртке қарсы арақалқамен бөлінген бөлме ішіндегі металл шкафтарда сақталуы керек. Оны жертөлеге сақтауға мүлдем тыйым салынады» - дейді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ринат Қондыбаев.
Пиротехниканы тек ашық жерде, құрылыстардан алыста атқылауға болады. 50 метр радиуста өрт қауіпті объекті болмау керек. Отшашуды жаққан кезде ол қол созым жерден кем болмауы керек. Балаларға мүлдем рұқсат бермеңіз.
Рейдтік іс-шаралар барысында Бородулиха ауданында заңсыз сауда анықталған. Құқық бұзушы Семейдің тұрғыны болған. Оған қатысты 196-бап бойынша хаттама толтырылып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Құтқрушылардың статистикасына сәйкес жаңажылдық мерекелер кезінде өрт саны артып жатады. Жаңа жыл – ең өрт қауіпті мейрам. Өткен жылдары ШҚО-да 14 өрт болған. Ең алдымен балкондар зардап шегіп жатады.
Құтқарушылар пиротехниканы атпас бұрын ең алдымен нұсқаулықпен танысыңыз. Бұл ретте балаларды және мас адамдарды жібермеңіз. Отшашуды желсіз күндері, ғимараттардан, көліктен алыс және қауіпсіз жерде пайдаланыңыз. 50х50 метрде жануға бейім кез-келген заттардан таза болуы тиіс. Петарданы үйдің балконынан атпаңыздар» - дейді ШҚО ТЖД.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі