
Кеше кешкісін Өскеменнің бір тұрғыны Красин көшесінде далада жатқан ер адамды көргенін айтып хабарласты. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлердің көлігі жолсыз жермен жүре алмаған еді, УАЗ көлігімен ШҚО ТЖД құтқарушылары дер кезінде келіп зардап шегушіге жетіп, оның жедел жәрдемге дейін жеткізді. Ер адамның құжаттары болмаған, қолдарын үсік шалған. ШҚО ТЖД тұрғындардан үсіп қалмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Құтқарушылардың көмегі қажет болса 112-ге хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты