
ШҚО ТЖД құтқарушылары өтімділігі жоғары техникамен 18 желтоқсанда шамамен 18 сағат 40 минутта Семейдің құтқарушыларына Семей-Қарауыл тасжолында «Береке» ШҚ бағытына қарай 5 шақырымда «Фольцваген Пассат» маркалы көлігінің генераторы сынып қалғаны туралы хабар келіп түсті. Онда 2 қарт әйел мен 4 ер адам болған. Жолды қар үрлеп тасап, көмекке келген көлікте өте алмаған екен. Оқиға орнына «Нива-Марш» 2 көлігімен құтқаруышлар келіп олар құжаттарды жинап, жолаушыларды құтқару көлігіне отырғызып, Семей қаласына дейін жеткізді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары алыс жолға елдімекеннен тыс жерге шыққан кезде жолдың жағдайы туралы Дармен ұялы қосымшасынан біліңіз; баратын жеріңіз және қайту уақыты туралы туыстарыңызға айтыңыз; көлікке шам, дәрі қобдишасы, арқан, жылы киім алып және көліктің аккумуляторын қуаттаңыз. Құтқарушылардың көмегі қажет болса 112-ге хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты