Өскемен қаласында ұшақ бортында шартты өрт сөндірілді

Өскемен қаласында ұшақ бортында шартты өрт сөндірілді

Өскемен қаласының әуежайында әуе кемесінде туындаған өртті сөндіру кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.  ШҚО ТЖД құтқарушыларынан басқа оқу-жаттығуға әуежайдың персоналы да белсенді қатысты.

«Боинг-747» ұшағы фюзеляж астынан әуе отынының ағып кетуі нәтижесінде шартты түрде өртенеді. «101» қызметі оқиға орнына жоғарғы рангін белгілеп, гарнизонның күштер мен құралдарын жөнелтеді. Оқиға орнында өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылады, үш жұмыс учаскесі құрылды. Әуе кемесін салқындату және жарылыс қаупін болдырмау үшін 3 қол өрт ұңғысы және көбікті беруге арналған 2 қондырғы беріледі.

Өртеніп жатқан Боингтің бортында 3 зардап шеккен адам қалып қойды, оларға шұғыл көмек қажет. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадалары жұмылдырылыды.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты, әук кемесін апаттық қондыру кезінде құтқару қызметтерін дайындау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялау болып табылады.

Барлығы оқу-жаттығуаға ШҚО ТЖД-ның 6 бірлік өрт-құтқару техникасы және 28 адам жеке құрамы, сондай-ақ объектінің 10 адам персоналы мен 2 бірлік техника қатыстырылды.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз-қызметінің ақпараты