
ШҚО ТЖД-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Басты мемлекеттік мерекеде қызмет ету барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық марапаттар берілді. Шарада қызмет ардагері, облыстық төтенше жағдайлар ведомствосының алғашқы басшысы Григорий Темный алдын алу және жою саласындағы көпжылғы мүлтіксіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хат табысталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ 55 өрт сөндіру бекетінің командирі Серік Мұсабаевты марапаттады, ол Әуезов кентінде болған өрттен 6 тұрғын мен 4 баланы алып шықты, сондай-ақ өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол бермеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Шығыс Қазақстанның құтқарушылары үшін еліміздің басты күнінде «Шығыс құтқарушылары» атты газеті жарыққа шығуымен ерекшеленді, онда тоқсан сайын төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық материалдар мен ШҚО төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күнделікті жұмысы жайлы жазылатын болады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты