Салтанатты түрде марапат беру

Салтанатты түрде марапат беру

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында ШҚО Полиция департаментінде          өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде ерекшеленген азаматтарды марапаттау ұйымдастырылды.

         Шарада ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сағат мадиев барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап және жауапты қызметін адал атқарғаны үшін алғыс білдірді. ШҚО ТЖД мен ШҚО ПД өзара әрекеттестігі көп жылдар бойы жалғасуда және басты міндет азаматтардың қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлардың алдын алу. Марапатталушылар қатарында ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов ШҚО ПД басшылығынан грамота және ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қызметкері жанібек Бұлкекеевтың жесірі Айнұр Бүлкекей болды, оған «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты