Шығыс Қазақстанда құтқарушылар жолда қиын жағдайға қалып қойған жүргізушілерге көмектесті

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар жолда қиын жағдайға қалып қойған жүргізушілерге көмектесті

Бірінші жағдайда Бородулиха ауданының құтқарушылары Бородулиха-Жезкент жолындағы 23 шақырымда сынып қалған «Камаз» маркалы көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті.

Көліктің аккумуляторы отырып қалып, жүк тиелген фура жүре алмай қалған. Кабинада 3 адам болған. Көмекке жедел түрде құтқарушылар бөлімшесі келіп жетіп, аккумуляторды қуаттап, көлікті оталдырды. Сондай-ақ жүргізуші мен жолаушылары жылынуы үшін жақын маңдағы дәмханаға жеткізді.

Екінші жағдайда Ұлан ауданының құтқарушылары жол-көлік оқиғасына тап болған жүргізушіге көмектесті. Өскемен-Самар тас жолында екі көлік соқтығысып қалған. Авария кезінде 1980 жылы туған жүргізуші «Тойота Корола» көлігінде қысылып қалған. Құтқарушылар келгенше көліктің жолаушыларын жедел жәрдем ауруханаға әкеткен екен. Жүргізуші ауыр жағдайда болды, аяғы ашық сынған. Оқиға орнына келген соң 31-ӨСБ қызметкерлері зардап шегушіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, психологиялық қолдады. Содан кейін қарапайым көліктің көмегімен есікті ашып, зардап шегушіні алып шығып, келіп жеткен дәрігерлерге табыстады.

Құтқарушылар қыс мезгіліндегі жол қателіктерді кешірмейтінін ескертеді. Боран, тұман кезінде түк көрінбей, кептеліс, ЖКО, мұз қатуы болуы ықтимал.  

  • Жолға шығар алдында көлігіңізге жанармайды, техникалық сұйықтықтарды толтырып алыңыз, аккумулятор қуатталсын.
  • Өзіңізбен бірге домкрат, трос, түрлі сымдар, дәрі қобдишасын, шам, күрек, өрт сөндіргіш, қозғалтқышты жылытқыш, байланыс құралдарын, жылы киім алыңыз.
  • Жолда қашықтық пен жылдамдық режимін сақтаңыз.
  • Құтқарушылар көмегі қажет болғанда 112-ге қоңырау соғыңыз.

 

ШҚО ТЖД