
ШҚО ТЖД құтқарушылары қыс маусымындағы судағы қауіпсіздік мәселелеріне кретаивті түрде қарауды жөн санады. Өскемен қаласындағы суда құтқарудың орталық станциясында өткен жаттығудың мазмұны бойынша әлі берік қатып үлгермеген мұз үстінде сыйлыққа толы қабын арқалап келе жатып жаңажылдық шыршаға асығып бара жатқан Аяз Ата суға құлап кетеді. Оқиға орнына ШҚО ТЖД сүңгуірлері дереу келіп жетеді, олар арнайы құтқару жабдықтарының көмегімен жаңажылдық шараның басты кейіпкерін мұздай суық судан алып шығады.
Осылайша қызықты да дәстүрлі емес тәсіл бойынша өңірдің құтқарушылары мұздағы іс-қимыл әрежелері мен зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуді көрсетті.
Егер де адам мұз жарылып суға түсіп кетсе оған арқанның бір ұшын, шарф, ағаш лақтырып және зардап шегушіні алып шығу керек. Өзіңіз қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз. Егер де лақтыратын еш нәрсе болмаса еңбектеп барып, шығаруға тырысыңыз.
Мұзды суық суға түсіп кеткен адам қандай сезімде болады? Оның тынысы тарылып, басының сақинасы ұстағандай болады. Жүрегі дүрсілдеп, қан қысымы қауіпті шекке дейін көтеріледі. Қатты қалтырай бастайды. Кей кездері лене температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, дірілі тоқтап, ағза суи бастайды. Сондықтан да адамды барынша тезірек судан алып шығып, дереу жылыту қажет. Егер де қоластында құрғақ киім болмаса су болған киімді шешпестен зардап шегуші қарға аунау қажет. Қар суды губка сияқты жылдам сіңіреді. Барынша жылдам уақытта жылы жерге, көлікке баруға тырысыңыз. Жылы жерде зардап шегушіге құрғақ киім кигізіп, жылы орап, жылы шәй ішкізу қажет. Қол-аяғын ысқылауға болмайды, себебі суық қан жүрекке жетіп оны тоқтатуы ықтимал.
ШҚО аумағынан 800-ден астам өзен ағып өтеді, оның қашықтығы 10000 шақырымдай және 2000 шақты суайдыны бар, оның ішінде Марқакөл, Зайсан, Сасықкөл, бұл жерлерде мұз үстінен балық аулаушыларды жиі кездестіруге болады. ШҚО ТЖД барлық балықшыларға суайдындарында абай болып, қарапайым ережелерді сақтауды сұрайды:
Төтенше жағдай кезінде 101, 112 телефондары бойынша құтқарушыларды шақырыңыз.
ШҚО ТЖД қыс маусымында су бетінде абай болуға шақырады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі