Өртеніп жатқан үйден шығуға көмектесті

Өртеніп жатқан үйден  шығуға көмектесті

Өскеменде бір сағат бұрын Бажов көшесіндегі үйдің жатырын от шарпыды. Оқиға орнына жедел келіп кеткен өрт сөндіру бөлімшесі отпен күресуге кірісіп кетті.

Құтқарушылар келгенше көршісі үйдің иесін, 1940 жылы туған әжені алып шыққан. Өрт сөндірушілер отпен арпалысып жатқан кезде үйден газ баллон алып шықты. От үйдің жанындағы гаражға да тарап кеткен еді. Құтқарушылардың кәсіби іс-қимылдары арқасында жалпы ауданы 1938 шаршы метердегі өрт сөндіріліп,  көрші үйлер мен құрылыстарға тараған жоқ. Өртттің себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын сақтамау болды.

Барлығы өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 20 қызметкері мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД мүлігіңізді оттан қорғау үшін мыналарды орындау қажеттігін ескертеді:

  • Құтқарушылардың кеңесіне құлақ түру;
  • Пешті пайдаланған кезде кемшіліктерді уақтылы жою;
  • Жарықтары бар пешті қолданбау;
  • Үйде өрт сөндіргіш ұстау;
  • Өрт кезінде 101 және 112-ге қоңырау соғу.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты