
Қысқы кезеңнің басталуымен және облыстың өзендерінде, көлдерінде мұздың қатуымен азаматтарымыздың мұздағы қауіпсіздігі ең өзекті мәселеге айналуда.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша мұз астынан балық аулаудың 84 орны анықталды, олардың ең көп саны Ұлан ауданында - 17 орын, Семей қаласында - 10 орын, Күршім, Бесқарағай ауданында - 9 орын және Алтай ауданында -6 орын. "Күн сайын қауіпті су айдындарында, әсіресе өткелдерде, мұз өткелдерінде және мұз асты балық аулау орындарында мұздың пайда болуын бақылау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Осы су айдындарында 40 ескерту / тыйым салу белгілері орнатылған. Кезең басынан бастап Департамент қызметкерлері су қоймаларына 342рет тексеру жасады, балықшылармен мұздағы жүріс - тұрыс ережелерін сақтау бойынша 3 337 нұсқама өткізді"-деп хабарлайды БАҚ өкілдеріне арналған брифинге ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басынан бері облыстың су айдындарында балық аулау кезінде 6 адам суға батып кеткен. Қазіргі уақытта Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде тағы 2 балықшы іздестірілуде. Суға батқандардың барлығы қауіпсіздік ережелерін сақтамады және жүзу құралдарына құтқару кеудешелерінсіз мінді.
ШҚО ТЖД қызметкерлері мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары: ысқырық, құтқару шильцасы, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр жіп, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон болған кезде ғана жол берілетінін айтты. Сондай-ақ, қысқы кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелерін еске салды, атап айтқанда:
- егер мұздың қалыңдығы 10 см-ден кем болса, мұз бетіне шықпау және егер мұз қалыңдығы 30 см-ден кем болса, оның бетіне автомобиль қоймау;
- мұзға тәуліктің қараңғы уақытында, нашар көріну кезінде және жұқа және қатпаған учаскелерге шықпау;
- мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналмау;
- мұз беті жарылған болса, мұз бетін су басса, мұзда ұңғымалар болса, ондай жерлерге жақындамау;
- шектеулі алаңда екіден артық тесік бұрғылауға жол берілмейді;
Бұдан әрі Апаттар медицинасы орталығының дәрігері Қадырманап Абылқайыров манекенде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету ережелерін көрнекі түрде атап, көрсетіп өтті: "Егер адам ұзақ уақыт суық суда болса, ағзаның салқындауы, тыныс алу жолдарының түйілуі орын алады, соның салдарынан тыныс алу мен жүректің тоқтауы мүмкін. Егер адам ес-түссіз болса, оны судан шығарып, жүрек қағысы пен тыныс алуын тексеру керек. Егер қан тамырының қағысы байқалмаса, кеудеге 30 рет басу және 2 дем алу сынды реанимациялық әрекеттерді орындау керек". Көбінесе мұздағы қайғылы оқиғалар адамның кінәсінен өзіне деген шамадан тыс сенімділіктiң, өз күші мен мүмкіндіктерін асыра бағалауының, мұздағы қарапайым мінез-құлық ережелерін елемеуiнiң нәтижесінде пайда болады.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу "101" және "112" телефондарына қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі