Газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

 

2020 жылдың 4-ші желтоқсан күні Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, «Жемчужина» ПИК өкілдері мен Қасым Қайсенов кенті әкімдігінің өкілдерімен Қасым Қайсенов кентінде көп қабатты үйлерде газ баллондарын қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша рейд өткізілді. Рейдтік іс-шаралар кезінде 1 бұзушылық анықталды. Бес қабатты көп пәтерлі үйде тұрмыстық газ баллонын пайдаланғаны анықталды және үй иесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде үй иесі газ баллонын пәтерден алшақ жерге шығарылды.

Газ қондырғыларын пайдалану кезінде өрт фактілері мен төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі газ құралдарын пайдалану кезінде төмендегідей ережелерді сақтауларыңызды сұрайды:

-2 қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;

-үй-жайларды өз бетімен газдандыруды, газ аспаптарын, баллондар мен тиек арматурасын ауыстыруды және жөндеуді жүргізбеңіз;

-Жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

-газдың шығуын тексеру үшін ашық  отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ертіндісін пайдаланыңыз);

-газ аспаптарын пайдалануға балаларды жібермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

Газ жабдығын орнату кезінде жиһаз бен басқа да жанғыш материалдарын келесі қашықтықты сақтаңыз;

-ең жақын тік бетке дейін көлденеңнен 0,2 м кем емес;

-оның үстіне жақын орналасқан көлденең бетке дейін тігінен 0,7 м кем емес;

-жылыту радиаторларынан басқа да жылыту аспаптары мен пештерінен кемінде 1 м;

-ашық отпен жылу көздерінен кемінде 5 м.

Автожанармай құю станцияларында газ баллондарын құюға болмайды!

газ ағып кеткен жағдайда:

-газ беруді жабыңыз;

-терезелер мен есіктерді ашыңыз;

-сіріңкені, оттықтарды жақпаңыз, жанып тұрған темекімен бөлмеге кірмеңіз;

-жарық пен электр құралдарын қоспаңыз;

-егер газ жанса, отты шығармаңыз –газ жанғанша, жарылыс үшін қауіп жоқ.

-Тұрмыстық газ жабдығын жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;

 Егер де көп қабатты үйлерде газ баллондарын қолдану фактілеріне куәгер болсаңыз, пәтердің мекен-жайы мен үй иесінің аты-жөнін Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөліміне «101», 8-(72338)27-381  нөмерлеріне және «Жемчужина» ПИК-не 8-(72338)27-419 нөмеріне хабар беріңіздер.

 

Ұлан ауданының ТЖБ