Пәтерлердегі өрттер кезінде тұрғындар эвакуацияланды

Пәтерлердегі өрттер кезінде тұрғындар эвакуацияланды

Желтоқсанның 5-де түнде Шемонаиха қ. өрт сөндіру бөліміне Жуков көшесіндегі пәтердегі жану туралы хабарлама келіп түсті. 5 қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде жалпы алаңы 2 ш.м. кіру есігінің ағаш құрылымдары, жиһаз жанған. Өрт электр сымдарының оқшаулағышының жанып, ары қарай жиһаз бен кіру есігінің ағаш құрылымдарына өтуі себебінен болған.

Қатты түтіндеу салдарынан кіреберістен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды.

Сол күні Комсомольская көшесі тек Усть-Таловка кентіндегі пәтерде жиһаздың жануы туралы хабарлама келіп түсті. Қараусыз қалдырылған майшамның салдарынан шығуы мүмкін өртті сөндіруге өрт сөндірушілерге 20 минут уақыт қажет болды. Өрт нәтижесінде алаңы 6 ш.м. жиһаз, диван және жеке заттар өртенді.

Үйдің барлық жеріне тараған түтіннен 29 адам, соның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Екі жағдайда да, түтін шығару уақытында эвакуацияланған әйелдер мен балаларды басқа кіреберістегі көршілері паналатты. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ.

ШҚО ТЖД ескертеді, отқа байқаусыз қарау адамдардың қателіктеріне, өрт қауіпсіздік ережелерін білмеуіне, немқұрайлыққа және зиянды әдеттерге негізделеді.

  • ұзақ уақыт бойы электр құрылғыларын қосулы күйінде қалдырмасыздар;
  • үйден шығар кезде электр құрылғыларын ажыратыңыздар;
  • электр желісін шамадан тыс жүктемеу үшін бірнеше электр құрылғыларын бір уақытта қосаңыз;
  • ашық отты қараусыз қалдырмаңыз.

Өрт туындаған жағдайда шұғыл түрде «101» телефонына қоңырау шалыңыз.