Тазаланбаған түтін мұржасы Шығыс Қазақстандағы бір отбасына иіс тиіп қалуына себепкер болды

Тазаланбаған түтін мұржасы Шығыс Қазақстандағы бір отбасына иіс тиіп қалуына себепкер болды

Өскемендегі Авиационная бұрылысында тұратын отбасына иіс тиіп қалды. Таңертең ояна салысымен балалар мен оның анасының бастары айналып, қатты ауырған. Түске таман жағдайлары нашарлай бастаған соң жедел жәрдем шақырған.

  1. 2015, 2013 және 2006 жылы туған балалар Облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, 1964 жылы туған анасы 1-қалалық ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі таңда анасы мен балалары үйлеріне қайтарылған.

ШҚО ТЖД мынаны еске салады – тазаланбаған мұржа – адамдарға иіс тиіп қалудың басты себебі.

Құтқарушылар тұрғындарға пештерін қадағалауды ұсынады:

- пешіңіз жарамды болсын, сызаттар мен жарықтарды уақтылы бітеңіз;

- мұржаны уақтылы тазалаңыз;

- отын толығымен жанып біткенше жапқышты жабуға болмайды.

Улы газдың иіссіз,түссізекендігін еске саламыз және тек қана қауіпсіздік ережелерін сақтау және пешті пайдаланудағы сауатты іс-әрекет – сіздің өміріңіздің кепілі!

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты